Жүктелуде
ru
kz
Tengo - мен әлемнің айналасында Несиенi қалай алуға болады Несиенi қалай өтеуге болады Артық төлемсіз науқан Құжаттар Сұрақтар
Кіру
ru
kz
Кіру
Tengo - мен әлемнің айналасында Несиенi қалай алуға болады Несиенi қалай өтеуге болады Артық төлемсіз науқан Құжаттар Сұрақтар

Сұрақтар мен жауаптар

Несие туралы Қайтару туралы Басқа сұрақтар IBAN дегеніміз не?

Несие туралы

Егер маған SMS код келмесе?

Егер Сіз растау коды бар SMS хабарлама алмаған болсаңыз, онда «Cпам» бөлімін тексерген жөн. Сізге келесі қадамдар көмектеседі:

Егер сізде Android операциялық жүйесі бар смартфон болса:

  1. Құрылғыда «Телефон» қолданбасын ашыңыз;
  2. «Ещё» белгісін басып, содан кейін «Настройки» және «Спам и фильтр звонков» сүзгісің басыңыз;
  3. «Показывать идентификатор абонента и спам» мүмкіндігін өшіріңіз;
  4. Әрі қарай, растау кодын сұраңыз.

Егер сізде IOS операциялық жүйесі бар смартфон болса:

  1. Құрылғыда «Настройки» қолданбаны ашыңыз, содан кейін, «Сообщения» сүзгісің басыңыз;
  2. Tengo.kz хабарландыруының өшірілгенін тексеріңіз;
  3. Егер хабарландыру өшірулі болса, оны қосу керек;
  4. Әрі қарай, растау кодын сұраңыз.
Tengo.kz-те мен бір уақытта бірнеше несиенiң болуына болады ма?
Бір уақытта сізде бірнеше несиенiздiң болуына болмайды, алайда Tengo.kz бар несиенiздiң үстіне қосымша сома алу мүмкіндігін ұсынады.Қосымша сома алу мүмкіндіктері туралы Сіз өзіңіздің Tengo.kz профиліңізден білуіңізге болады.
Tengo.kz-тен несие алу үшін не қажет?
Сіз несие алуыңыз үшін:
  • Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз қажет;
  • Сізде мерзімінен өтіп кеткен төлемдер болмауы қажет немесе несиелік міндеттемелердің бұзылмауы қажет;
  • Сізге банктердің біреуіндегі шотыңыз және белсенді ұялы телефон нөміріңіз қажет.
Tengo.kz-тен несие алу үшін қандай құжаттар қажет?
Несиенi алу үшін Сізге қандай да бір құжаттар қажет емес – тек ұялы телефон және Қазақстан банктерінің біреуіндегі шотыңыз.
Егер банкте немесе басқа несие мекемелерінде несием болса, мен несие алуыма болады ма?
Иә. Егер Сіз несие бойынша төлемдерді кешіктірмеген және борышкерлер тізіміне қосылмаған болсаңыз, Сіз несие алуыңызға болады.
Неге маған несие беруден бас тартты?
Өкінішке орай, біз төмендегі жағдайларда несие бере алмаймыз:
  • Сіз борышкерлер регистрінде бар деп саналасыз;
  • Tengo.kz-тегі алдында алынған несие төленбеген;
  • Тіркеу кезінде қате мәліметтер көрсетілген;
  • Сіз 19 жастан жас немесе 70 жастан асқансыз.
Несие сомасы менің банктік шотыма қалай тез түсірілетін болады?
Мақұлданған жағдайда, біз Сізге 15 минуттың ішінде ақша жібереміз. Сіздің банктік шотыңызға соманың түсуі Өз банкіңіздің процестер жылдамдығына байланысты 10 минутпен 3 жұмыс кун уақытын алуы мүмкін.
Қандай ақша сомасын мен несиеға алуыма болады?
Алғашқы рет алынатын несие лимиті 170 000 теңгені құрайды. Несиенi уақытымен төлеу және шарттың барлық талаптарын сақтау кезінде, келесі несиелердiң лимиті 10-нан бастап 30 күнге дейінгі мерзімге 170 000 теңгені құрайтын болады.
Берілген микрокредиттер бойынша консультациялық қызметтер
Сізге МҚҰ клиенттерге берілген микрокредиттер бойынша консультациялық қызметтер, оның ішінде берешектің болуы/болмауы туралы ақпаратты клиенттің электрондық мекенжайына ауызша (телефон) келіссөздер және жазбаша жауаптар арқылы ұсынатындығын хабарлаймыз.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша консультациялық қызметтерді, оның ішінде ауызша келіссөздер арқылы берешектің болуы/болмауы туралы ақпаратты МҚҰ тегін негізде жүзеге асырады. Клиенттің сұратуы бойынша қағаз жеткізгіште берешектің бар/жоқ екендігі туралы ақпаратты қосымша бере отырып, микрокредит шарты бойынша консультациялық қызметтерді МҚҰ ақылы негізде жүзеге асырады.

Қағаз тасығышта берешектің болуы/болмауы туралы ақпараттық анықтаманы қосымша бере отырып, консультациялық қызметтің құны ҚҚС-ты қоса алғанда 1 300 (бір мың үш жүз) теңгені құрайды.

Берілген микрокредит бойынша консультациялық қызметті, оның ішінде берешектің болуы/болмауы туралы ақпаратты ауызша (телефон) келіссөздер арқылы алу үшін клиент мына телефон нөміріне қоңырау шалуы қажет:


Қағаз жеткізгіште берешектің бар/жоқ екені туралы ақпараттық анықтаманы қосымша бере отырып, консультациялық қызмет алу үшін клиент мына электрондық мекенжай бойынша клиенттерге қамқорлық жасау Қызметіне өтініш беруі қажет: . Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесін қоса беру қажет.

Қағаз тасығышта берешектің бар/жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуды МҚҰ Клиенттен сұрау салу келіп түскен және консультациялық көрсетілетін қызметтер құнын төлеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай жолмен жүзеге асырады:
  • өтініште көрсетілген Клиенттің электрондық мекенжайы бойынша ақпарат жіберу (Клиент Алматы қаласынан тыс жерде болған жағдайда);
  • клиентке қағаз жеткізгіштегі құжаттың түпнұсқасын сайтта көрсетілген "SofiFinance Микроқаржы ұйымы" ЖШС орналасқан мекенжайы бойынша (клиент Алматы қаласында болған жағдайда) беру.
Клиент Алматы қаласынан тыс жерде болған және микрокредит шарты бойынша берешегі туралы ақпараты бар құжаттың түпнұсқасын алу қажет болған жағдайда, Клиент Алматы қаласында "SofiFinance Микроқаржы ұйымы" ЖШС мекенжайы бойынша құжат алуға бағытталған іс-шараларды дербес ұйымдастырады (курьерді шақыру, анықтаманы үшінші тұлғалар арқылы беру және басқалар).

Қағаз тасымалдағышта берешектің бар/жоқ екендігі туралы ақпараттық анықтаманы қосымша бере отырып, консультациялық қызметтерге ақы төлеуді клиент екінші деңгейдегі банктердің кез келген бөлімшесінде мынадай банктік деректемелер бойынша жүзеге асырады:

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкі

МҚҰ HSBKKZKX

ЖСН/БСН 191040034995

SOFI FINANCE МҚҰ ЖШС клиенті

Шот KZ716018861000108181

Валюта KZT

Төлем мақсаты: микрокредит бойынша консультациялық қызметтер

Қайтару туралы

Несиенi бөлшектеп төлеуіме болады ма?
Сізде мерзім ішінде несиенi бөлшектеп төлеуіңізге (несиенiң бірнеше төлеммен төлеу) болады. Осылайша, Сіз біртіндеп несие сомасын азайтасыз. Егер несиенi төлеу күні қалған соманы төлеу мүмкіндігі болмаса, төлем мерзімін ұзарта отырып, несиенi төлеу мерзімін кейінге шегеруді ұсынамыз. Ұзарту сомасы несиенiң қалған сомасына пропорционалды азайтылады. Несиенi бөлшектеп төлегеннен кейін, ұзарту сомасын Tengo.kz-тегі өз профиліңізден нақтылауыңызға болады. Егер қосымша сұрақтарыңыз туындайтын болса, бізге хабарласуыңызды өтінеміз.
Несие үшін төлемдерді қайда төлеуіме болады?
Сіз несие үшін төленетін төлемдерді келесі тәсілдермен жүзеге асыруыңызға болады:
  • Homebank
  • Plus 24
  • КАССА 24 терминалы
  • QIWI терминалы
Егер несие сомасын қайтара алмаған жағдайда, не істеуім керек?
Егер Сіз микронесиенi мерзімінде қайтара алмасаңыз – қобалжымаңыз. Біз микронесиенiң негізгі сомасын қайтаруды кейінге шегеру мүмкіндігін ұсынамыз. Кепілгердің шотына микрокредиттің мерзімін ұзарту үшін төлемді жіберіңіз, және осыдан кейін сіздің микронесиенiздiң қайтару мерзімі Өз таңдауыңыз бойынша, 14/30 күнге дейін ұзартылатын болады.
Несиенi уақытынан ерте қайтаруыма болады ма?
Иә. Сіз кез келген уақытта несиенi қайтара аласыз.

Басқа сұрақтар

Шот нөмірін қалай өзгертуге болады?
IBAN шотын өзгерту үшін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштадан электронды поштасына хат жазыңыз
Хатқа міндетті түрде:
  • жеке куәлігіңіздің суретін екі жағынан салып жібереңіз;
  • жеке куәлікпен селфи суретін қосыңыз;
  • шот бойынша үзінді көшірмені қосыңыз;
  • Хат тақырыбында «Шотты өзгерту» деп жазыңыз.
Ескерту! (Маңызды) Шот міндетті түрде өз атыңызға ашылған және әлеуметтік емес (зейнетақы, жәрдемақы алатын емес) болуы шарт.
Электрондық поштамды қалай ауыстыруға болады?
Электрондық пошта мекенжайын өзгерту қажет болса электрондық поштаңыздан хат жазыңыз
Хатқа міндетті түрде:
  • жеке куәлігіңіздің суретін екі жағынан салып жібереңіз;
  • жеке куәлікпен селфи суретін қосыңыз;
  • Хат тақырыбында «E-mail өзгерту» деп жазыңыз.
Жеке кабинетте телефон нөмірін қалай өзгертуге болады?
Телефон нөмірін өзгерту үшін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштадан поштасына хат жазыңыз
Хатқа міндетті түрде:
  • жеке куәлігіңіздің суретін екі жағынан салып жібереңіз;
  • жеке куәлікпен селфи суретін қосыңыз;
  • ағымдағы мобильді нөміріңізді жазыңыз;
  • Хат тақырыбында «Телефон нөмірін өзгерту» деп жазыңыз.
Проблемалық берешек мәселелері бойынша
Құрметті клиенттер, ҚР «Микроқаржылық қызмет туралы» заңының 9-2 бабына сәйкес микронесие ұсыну туралы шарт бойынша міндеттерді орындаудың мерзімі кешіктірілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде сіз микронесие ұсыну туралы шарт бойынша міндеттерді орындаудың мерзімін кешіктірудің, табыстардың немесе микронесие ұсыну туралы шарттың шарттарына өзгерістер енгізумен шарттасатын басқа расталған жағдайлардың (фактілердің) себептері көрсетілген мәліметтерден тұратын өтінішті микронесиелік ұйымға әкелуіңізге немесе МҚҰ ресми электрондық поштасына – өтініш жіберуіңізге болатындығын назарларыңызға саламыз.

Сіздің өтінішіңізді және қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттарды қараудың нәтижелері туралы сізге 15 күнтізбелік күн ішінде хабар беріледі.


Сонымен қатар, проблемалық қарызды реттеу сұрақтары бойынша кеңес алу үшін сіз МҚҰ-ның мерзімі кешіктірілген қарыз алушылармен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлеріне келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар: 778 096 55 56 (Кеңес алу)/701 693 62 05 (WhatsApp).

Tengo.kz мәліметтер базасында қол қойылған шарт қанша уақыт сақталады?
Қол қойылған шарт мәліметтер базасында шектеусіз уақыт сақталады. Клиенттен жазбаша сұрату алғаннан кейін, шарт екі аптаның ішінде клиент көрсеткен мекенжайға жіберіледі.
Мен Tengo.kz-тегі профилімнің құпия сөз ұмытып қалдым. Не істеуім керек?
Жаңа құпия сөз мына жерде сұратыңыз. Өз электрондық поштаңызды енгізіңіз, ал біз Сізге уақытша құпия сөз жолдаймыз. Осыдан кейін, Сіз өз Tengo.kz профиліңізге кіріп, құпия сөз ауыстыруыңыз қажет.
Ақша алу
₸
Жылдам қарыз
Бірінші
Қайта
Сомасын таңдаңыз
170 000 ₸
20 000
170 000
Қанша күнге?
25 күн
10
25
Бұл сома қайталанатын клиенттер үшін қол жетімді.
Ақша алу
Сомасы
₸
Төлем күні
Сыйақы
₸
Қарыз сомасы
₸
8:00 - 20:00
tengo.kz
Компания
Tengo.kz туралы Артық төлемсіз науқан Байланыстар Баспасөз релиз
Клиенттерге
Несиені қалай алуға болады Несиені қалай өтеуге болады Құжаттар Сұрақтар мен жауаптар
логотип kazfintech
© 2023 Tengo.kz | «SOFI FINANCE» МҚҰ» ЖШС микроқаржы ұйымдарының тізіліміне 12.03.2021 ж. № 02.21.0024.М енгізілді, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасымен берілді. ЖТСМ 1,22% бастап.