Tengo.kz «Жылы шарттарда микрокредит» ауқымды науқанын қосады! 135 000 теңгеден бастап микронесие рәсімде және оны артық төлемсіз қайтар!
1. Науқанды ұйымдастырушы:
1.1. Науқанды ұйымдастырушы болып «SOFI FINANCE» микро қаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» (СОФИ ФИНАНС), БСН 191040034995, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 210-үй, 2-блок, 12-қабат (ары қарай мәтін бойынша – «Ұйымдастырушы») табылады.
Ұйымдастырушының байланыс деректері:
Науқанды жүргізу лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа ойын болып табылмайды, қатысу үшін ақы төлеуді талап етпейді, және пайда немесе басқа табыс алу мақсатын көздемейді.
2. Науқан өткізу мерзімі:
2.1. Науқан өткізу мерзімі – 2020 жылғы 3 қарашадан Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:01 бастап 2020 жылғы 30 қарашаға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:59 дейін.
Ұйымдастырушының қарауына сәйкес Науқан өткізу кезеңі өзгеруі мүмкін.
3. Науқан өткізілетін аумақ:
3.1. Науқан Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.
4. Науқан өткізудің жалпы шарттары:
4.1. Науқанға Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған, қабілетті, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Ұйымдастырушы қызметкерлерінен, олардың отбасыларының мүшелері мен еншілес компаниялар мен жеткізушілердің қызметкерлерінен басқа, азаматтар қатыса алады.
4.2. Науқанға қатысу үшін tengo.kz сайтында несие рәсімдемеген жаға клиент болу керек.
4.3. Науқанға қатысу үшін tengo.kz сайтында Науқан өткізу кезеңінде 135 000 теңгеге сомаға микронесие рәсімдеу және алу керек.
4.4. Микронесиені Микронесие ұсыну туралы шартта көрсетілген мерзімде микронесиені қайтарған жағдайда микронесие бойынша сыйақының өлшемі 0.1% құрайды. Егер Науқанға қатысушы микронесие ұсыну туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау бойынша мерзімінен өткізуге жол берсе, онда клиент автоматты түрде Акцияға қатысушы болу мүмкіндігінен айырылады және Микронесие ұсыну туралы шартқа сәйкес негізгі қарыздың сомасы мен сыйақыны төлейді.
4.5. Егер микронесиенің сомасы 134 999 теңгеге дейін болса, онда науқанға қатысуға жол берілмейді.
4.6. Науқанға қайтадан несие алған клиенттер, сонымен қатар белсенді микронесиесі бар тұлғалар қатыспайды.
5. Қатысушының құқықтары:
Қатысушы құқылы:
5.1. Осы Ережеде белгіленген Науқан шарттарымен танысуға;
5.2. Науқан өткізу кезеңінде микронесие рәсімдеуге.
6. Қатысушының міндеттері:
6.1. Қатысушы Ұйымдастырушыға аты-жөнін, банктік шотының нөмірін, сонымен қатар микронесие рәсімдеуге қажетті басқа мәліметтерді хабарлауға міндеттеледі.
6.2. Науқанға қатысу арқылы Қатысушы Ұйымдастырушыға Науқанға қатысу кезінде Ұйымдастыруға ұсынған өзінің дербес мәліметтерін Қазақстан Республикасының дербес мәліметтер және оларды қорғау заңына сәйкес өңдеуге келісімін береді, оның ішінде; аты-жөні, пошталық мекен-жайы, аты, жасы, телефон нөмірі, байланыс электрондық мекен-жайы. Дербес мәліметтерді өңдеу автоматтандыру құралдарын немесе ондай құралдарды пайдаланбай, жинау, жазу, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығару, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік) қоса, Ұйымдастырушымен жасалған агенттік шарттардың немесе басқа шарттардың негізінде әрекет ететін үшінші тұлғаларға (оның ішінде заңды тұлғаларға) ұсынуды қоса, кез-келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттердің (операциялардың) жинағын жасаудан тұрады.
7. Ұйымдастырушының құқықтары:
Ұйымдастырушы құқылы:
7.1. Егер осы Ереженің 6-бөлімінде қарастырылған өтірік немесе толық емес мәліметтердер ұсынылған кезде Қатысушыға Науқанға қатысуына тыйым салуға;
7.2. Ұйымдастырушы өзінің қарауы бойынша пайдаланушыларды қатысуға жібермеуге.
7.3. Ұйымдастырушы кез-келген уақытта Науқанды ұзарту, сонымен қатар осы Ережені өзі дұрыс деп тапқан жағдайда өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы әлеуметтік желілерде және tengo.kz ресми сайтында өзгерістер туралы тиісті басылым жариялау арқылы қатысушыларға хабарлайды.
8. Ұйымдастырушының міндеттері:
Ұйымдастырушы:
8.1. Науқанды осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша жүргізуге міндеттеледі.
9. Ұйымдастырушы:
9.1. Қатысушылардың осы Ережеде белгіленген міндеттерін орындамағаны (уақытша орындамағаны) үшін.
9.2. Қатысушы Науқан өткізу ережесін білмегеннен туған оқиғалар үшін.
9.3. Қатысушылар техникалық ауақлау және (немесе) Ғаламтор желісіндегі және (немесе) Науқан өткізу кезінде пайдаланатын байланыс арналарында алаяқтылық нәтижелерінен хат, қоңырау, факсимильдік және (немесе) электрондық хабарламалар алмағандары үшін.
9.4. Қатысушылардан Науқан өткізу үшін керекті толық емес және (немесе) дұрыс емес және (немесе) басқа мәліметтерді алғаны үшін жауапкершілікте болмайды.
10. Басқа шарттар:
10.1. Науқанға қатысу автоматты түрде Қатысушының осы Ережемен танысқанын және келісімін бергенін білдіреді.
10.2. Осы Ережеде көзделмеген барлық жағдайларда ұйымдастырушы мен қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.